Түркия Сыртқы істер министрлігі Израиль үкіметінің «геноцидтік саясаты» палестиналықтарға да, израильдіктерге де қауіп төндіреді, деп мәлімдеді.
Министрлік Израиль Сыртқы істер министрі Исраэл Катцтың әлеуметтік желідегі жазбасына байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.
«Түркия президенті Тайып Ердоған Израильдің Палестина халқына қарсы жасаған қылмыстарына әлі де наразылығын ашық білдіреді.
Түркия Израильді халықаралық аренада оқшаулау бойынша шешуші іс-қимыл жасай отырып, тынымсыз жұмыс істеуді жалғастыруда. Сондықтан кейбір Израиль саясаткерлері Түркия мен Президент Ердоғанға ең дөрекі және негізсіз шабуыл жасайды. Түркия Израильдің Палестина халқына қарсы қару ретінде қолданатын нәсілшіл және әділетсіз саясатқа жарық түсіруді жалғастырады. Түркия палестиналықтардың өз мемлекеті болғанша олардың құқығын қорғайды.
Израиль үкіметінің саясаты палестиналықтарға да, израильдіктердің өздеріне де қауіп төндіреді», — денілген мәлімдемеде.
Айта кетейік, осыған дейін Түркия Газадағы соғысқа байланысты Израильмен сауда қарым-қатынасын тоқтатып, импорт пен экспортқа тыйым салғаны хабарланған болатын.