Қоғам

Түркияда із-түзсіз жоғалып кеткен қазақстандық студент табылды

Түркияның Измир қаласында жоғалып кеткен қазақстандық студент табылды. Бұл туралы Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығы Telegram-арнасында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Измир қаласындағы клубтардың бірінде достарымен бірге барғаннан кейін хабарсыз кеткен Рауан Дарханұлына 22 қазаннан бастап іздеу салынды.

“Осы уақыт бойы Бас консулдық Измир провинциясының губернаторлығы мен полициясы және қазақстандық еріктілермен бірге аталған азаматты іздестірді. Бүгін табылған азамат Измирдің Алсанджак ауданының полиция бөлімшелерінің біріне жеткізілді. Қасында анасы мен консулдық қызметкерлері бар”, – делінген хабарламада.

Source
Tengrinews.kz

TuraNews

Back to top button