Спорт
Үш қазақ балуаны Бішкек төрінде жолдамаға таласады
Күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде еркін күрестен үш қазақ балуаны жартылай финалға сүрінбей жетті.
74 келідегі Нұрғожа Қайпанов, 97 келідегі Әлішер Ерғали және 125 келідегі Юсуф Батырмұрзаев жартылай финалда белдеседі.
Ал осы кезеңнен жеңіліссіз өткен балуандар Париж Олимпиадасының жолдамасына иелік етеді.
Жартылай финал жұптары:
74 келі: Нұрғожа Қайпанов — Юнус Алиакбар Эмомичогай (Иран, Азия ойындарының чемпионы)
97 келі: Әлішер Ерғали — Хабила (Қытай, Азия ойындарының қола жүлдегері)
125 келі: Юсуф Батырмұрзаев — Шамил Магомед Шарипов (Бахрейн, Азия чемпионатының қола жүлдегері).
Өкінішке қарай, 57 келідегі Ерасыл Мұхтарұлы бірінші айналымды үнділік балуаннан ұтылды.
Ал 65 келідегі Майис Алиев аса тартысты белдесуде 15:15 есебімен қытайлық спортшыға есе жіберді.