Қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының 16 медициналық бригадасы ТЖ аймағында жұмыс істеп, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуде, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі.
«Бүгінгі таңда 264 адамға медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде 14 адам ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, АМО психологтары шұғыл психологиялық көмек көрсетуді жалғастыруда. «Жедел желі» телефонына 1700-ден астам қоңырау түсті.», — денілген хабарламада.