Басқосуға Түркі Академиясының вице-президенті Асхат Кесікбаев, Түрікменстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Батыр Реджепов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер Институтының бас сарапшысы Мұхит Асанбаев және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қолданбалы зерттеу институтының Бас ғылыми қызметкері Жанат Момынқұлов қатысты.
Тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеген Түркі Академиясының вице-президенті Асхат Кесікбаев Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаевтың жаңа кітаптың жарық көруіне орай құттықтау сәлемдемесін жеткізіп, тарихи ортақ мұраларды насихаттау мақсатында Қазақстан мен Түрікменстан елдері арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығына тоқталды.
Жуырда Түрікменстанның Анау қаласы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының шешімімен түркі әлемінің биылғы мәдени астанасы болып жарияланып, салтанатты таныстыру рәсімі өткен болатын. Сонымен қатар Түрікменстанның халық ақыны Мақтымқұлы Фрағидің туғанына биыл 300 жыл толып отыр.
Өз сөз кезегінде Түрікменстан елшісі Батыр Реджепов ежелгі дәуірлерден бастау алатын Анау қаласының мәдени маңыздылығын баяндайтынын жаңа кітапты Түркі Академиясының кітапхана қорына сыйға тартты.
Түрікмен, ағылшын және орыс тілдерінде жарық көрген кітаптың негізгі мазмұны “Ежелгі Анаудың бірегейлігі”, “Тарихи дәуірлерді байланыстыратын ұлы оқиғалар” және “Ахал топырағында көне Анаудың даңқты жолы жалғасады” атты үш тараудан тұрады.