Бұл туралы президенттің жарлығы жарияланды, деп жазады Kazinform агенттігі.
«Министрлер кабинетінің мүшелері, дәстүр бойынша қасиетті Қадір түні қарсаңында қылмысы үшін сотталған, бірақ жасаған әрекетіне шын жүректен өкінетін азаматтарға рақымшылық жасау шараларын өткізіп жатырмыз. Асыл дәстүр бойынша мен осыған байланысты 356 сотталғанға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойдым», – деді Бердімұхамедов министрлер кабинетінің отырысында.
Сонымен қатар, қала және аудан әкімдерінің басшыларына рақымшылыққа ілінген азаматтарды жұмысқа орналастыру шараларын қабылдау жөнінде тапсырмалар берді. Бердімұхамедов таяуда абақтыдан шығатын азаматтарға адал еңбек етіп, елдегі жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерге атсалысып, мемлекетке адал қызмет етіп, еңбегінің жемісін көруді тіледі.
Анықтама үшін, Рамазан айының «Қадір түні» әдетте оразаның 27-ші күні (осы жыл 5-сәуірден 6-сәуірге қараған түн) тойланады.