Әлем

Германияда каннабис туралы заң күшіне енді

Германияда бүгін, 1 сәуірден бастап каннабис тұтынуды ішінара заңдастырушы заң күшіне енді.

Каннабис Германияның есірткі туралы заңындағы тыйым салынған заттар тізімінен алынып тасталады. Ал ересектерге белгілі бір мөлшерде өздері үшін иеленуге және өсіруге рұқсат етіледі. Кәмелетке толғандарға  25 грамм каннабис немесе марихуана, таза күйінде гашиш ұстауға,  үйде 50 грамға дейін рұқсат етіледі, деп жазады DW.

Сонымен қатар жеке пайдалану үшін үш каннабис бұтасына дейін өсіруге рұқсат етіледі.

Қоғамдық орындарда қарасораны шегуге болады. Бірақ оны мектептерге, балабақшаларға, ойын алаңдарына, жастар және спорт мекемелеріне кіреберіс 200 метр радиуста пайдалануға тыйым салынады. Көлікті жүргізу кезінде марихуананы пайдалануға тыйым салынады.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button