БастыМәдениетСаясат

Түркіменстанның Анау қаласы – түркі әлемінің мәдени астанасы

26 наурызда Ашхабадта Түркіменстанның Анау қаласының 2024 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануына байланысты іс-шаралар басталды. Ашылу салтанаты «Новруз Яйласы» алаңындағы концерт залында өтті.

ҚР Президентінің Телерадиокешені қызметкерлері Анау қаласының құрметті мәртебесін жариялауға арналған іс-шараларға қатысты.

Түркіменстанның Анау қаласын 2024 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы деп жариялау туралы шешім ТҮРКСОЙ ұйымына қатысушы елдер Мәдениет министрлері Тұрақты кеңесінің 39-шы отырысының қорытындысы бойынша қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, түркі әлемінің мәдени астанасын жыл сайынғы сайлау туралы шешім 2010 жылы түркітілдес мемлекеттер басшыларының Х саммитінде қабылданған болатын. Астана 2012 жылы тұңғыш мәдени астана болып аталды. Бұл құрметті мәртебе жылдар бойы Ескішехир, Қазан, Мары, Шеки, Түркістан, Кастамон, Ош, Хиуа, Бурса, Шуша қалаларына берілді.

Сондай-ақ 28 наурыз күні Ашхабадта түркімен ақыны Мақтымқұлы Фрагидің туғанына 300 жыл толуына арналған «Түркімен жері – көне мәдениеттер орталығы» атты халықаралық баспасөз конференциясы жоспарланған.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button