Қоғам

Елордада Наурыз мейрамына арналған интеллектуалды сайыс өтті

Сайыстың мақсаты – қазақ халқының тарихын, ғылымын, өнерін, әдеби мұраларын насихаттау, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын арттыру.

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Наурыз мейрамына орай 2024 жылғы 19 наурызда мемлекеттік, құрылымдық және бюджеттік мекеме қызметкерлері арасында «Қазақша Quiz» интеллектуалды сайыс ұйымдастырды.

Аталған сайысқа 17 мекеме (Астана қаласының Қаржы басқармасы, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы, Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы, Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы», «Астана innovations» акционерлік қоғамы, Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті, «Астана қалалық жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Теплотранзит» акцинерлік қоғамы, «Астана-Энергия» акционерлік қоғамы, Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қуыршақ театры, Жастар театры, Астана қаласы әкімдігінің «№32 мектеп-гимназиясы») қатысты.

Қатысушы командалар «Наурыз» тест, «СӨЗЖҰМБАҚ» кроссворд туры, «ҮШ СУРЕТ» МЕДИА ТУРЫ, «ӘН СӨЗІ», «ҚАЗАҚ КИНОСЫ», «ОЙЛАН ТАП» турлары бойынша сынға түсті.

Нәтижесінде І орынды «Мәмбетов мектебі» (Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры), ІІ орынды «Елім-ай» тобы («Астана қалалық жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі), ІІІ орынды «Тұран» тобы («Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі) иеленді.

Сайысқа қатысушылар дипломдармен, алғысхаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

TuraNews

Back to top button