БастыҚоғамСаясатЭкономика

Ашхабадта Түркі мемлекеттері ұйымының Ақсақалдар кеңесі өтті

Жиынға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Мажарстаннан келген ақсақалдар, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бас хатшысы Кубаничбек Өмірәлиев де қатысты.

Отырысты ашқан Түрікменстан Халықтық кеңесінің (Халк Маслахаты) төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, ТМҰ-ның серіктес мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен бірлесіп мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған ұлттық және халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Жиын барысында, ТМҰ-ның «Құрметті ақсақал» атағын және оған тиісті белгіні белгілеу ұсынылды. Сонымен қатар, Бердімұхамедов әлемде Ақсақалдар кеңесінің қызметін кеңінен қамту үшін ТМҰ редакциясын құруды, атап айтқанда, болашақта газет, журнал шығаруды және Кеңестің сайтын құруды жөн санайтынын атап өтті.

Сондай-ақ, Бердімұхамедов кеңес басшылары мен мүшелеріне отырысқа қатысқандары үшін алғысын білдірді.

Отырыстан кейін қонақтарға қасиетті Рамазан айының басталуына орай ауыз ашар берілді.

Айта кетейік, ТМҰ Ақсақалдар кеңесі ұйымға мүше елдердің ақсақалдарынан тұратын кеңесші орган болып табылады.

Source
Turkmenistan.ru

TuraNews

Back to top button