Қырғызстан Министрлер Кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров орынбасары Еділ Байсаловқа әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды бақылауды тапсырды, деп хабарлады 24.kg.
Оның айтуынша, ажырасқан әйелдер күйеуі мен оның ата-анасы туралы жаман пікір айтпауы керек.
— Салт-дәстүрімізге, әдет-ғұрпымызға қайшы келетін ақпарат таратуды шектеуіміз керек. Кейбір әйелдер өз әкесін мақтап, қайын атасы мен енесін жамандайды, ажырасқан соң әлеуметтік желіге ойына келгенді жазады. Бұл жақсы үлгі емес,- деді министрлер кабинетінің төрағасы.
Айта кетейік, Қырғызстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2023 жылдың аяғында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының саны 13 мың 104 адамды құрады. Олардың 95 пайызы әйелдер.