Тараптар бауырлас елдер арасындағы ғылым және білім беру саласы бойынша ынтымақтастықтың әлеуеті жөнінде пікір алмасып, бірлесіп атқарылатын жұмыстардың алдағы бағыт-бағдарын талқылады.
Түркі Академиясының басшысы Елшіге өткен жылы атқарылған жұмыстардың қортындылары жөнінде мәлімет беріп, ағымдағы жылы қолға алынып жатқан жобалармен таныстырды.
Сонымен қатар, бауырлас Өзбекстан Республикасының ғылыми-зерттеу институттарымен бірлескен іс-шаралар жөнінде айтып берді.
Өз кезегінде Елші Гусейн Гулиев Түркі Академиясының Өзбекстан бағытындағы бастамаларына қолдау көрсетуге әзір екенін айтты.