ҚоғамМәдениет

«Дәстүр» фильмінің режиссері Қуаныш Бейсек жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы “Қазақфильм” киностудиясының басшысы Азамат Сатыбалды мәлімдеді.

Отандық фильмдердің авторы, «Дәстүр» фильмінің режиссері Қуаныш Бейсек жаңа қызметке кірісті, деп хабарлайды TuraNews.kz.

«Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Қуаныш, ҚФ-нің творчествалық даму бағытын қадағалап сол бағытқа жауап береді. Қуаныш студиямыздың дамуына өз үлесін қосады деген үлкен сенімім бар», – деп жазды актер.

Сонымен қатар Қуаныш Бейсек те тағайындалған жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді.

«Жаңа Қазақстан құрамын деп уәде бере алмаймын. Бірақ жаңа «Қазақфильм» құруға тырысамыз», – деп жазды су жаңа кеңесші.

TuraNews

Back to top button