ӘлемБастыҚоғам

Қырғызстанда қазақстандық техникалық ЖОО филиалдары ашылады

Қырғызстанда қазақстандық техникалық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жоспарлануда.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қырғыз әріптесімен келіссөздер қорытындысы бойынша Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты кеңейту туралы айтып берді.

«Біз білім беру саласында өзара іс-қимылды белсенді түрде арттырып жатырмыз. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Бішкек пен Ош қалаларында өз филиалдарын ашты. Менің ойымша, бұл тәжірибе одан әрі жалғасады. Бүгін біз Қырғызстанда техникалық жоғары оқу орындарын ашу мәселесін талқыладық. Атырау мұнай және газ институты өз филиалын ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, «KAZ Minerals Bozymchak» өндірістік кәсіпорны жанында кәсіптік-техникалық училище ашылады», — деді Мұрат Нұртлеу.

Министр қырғыз тарапынан сұраныс болған жағдайда Қазақстан Қырғызстан студенттері үшін ҚР жоғары оқу орындарына гранттар мен квоталарды ұлғайтуға дайын екенін жеткізді.

Еске сала кетсек, Мұрат Нұртілеу ресми сапармен Бішкекке келді.

Ол Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшысы Жээнбек Кулубаевпен келіссөздер жүргізді. Оның барысында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапармен келетіні белгілі болды.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button