ӘлемЭкономика

Өзбекстан Қазақстан арқылы Қытайға жүк тасымалын бастады

Өзбекстан Республикасының Көлік министрлігі мен Өзбекстан халықаралық автотасымалдаушылар қауымдастығы Қытай Халық Республикасының мүдделі министрліктері және ведомстволарымен бірлесіп жаңа бағытта жүк тасымалын бастады.

Бұл сауда жолы Өзбекстанды Қытайдың шығыс бөлігінде орналасқан Циндао қаласымен байланыстырады және жүктерді жылдам, үнемді және қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік береді, деп жазады Uza агенттігі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, Өзбекстанның ұлттық тасымалдаушылары Қытайдың Сары теңізінің жағалауында орналасқан Циндао қаласына Қазақстаннан транзитпен Қорғас арқылы жүк тасымалдауды «TIR Karnet» кітапшасын қолданумен сәтті жүзеге асыруда.

 

TuraNews

Back to top button