Қоғам

QR код сканерлеу арқылы автобустың нақты келу уақытын көруге болады

Астана аялдамаларында QR коды бар арнайы жапсырмалар қойылып жатыр.

Жолақысын электронды төлеу және диспетчерлеу жүйесін жаңғырту аясында аялдамаларды цифрландыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды TuraNews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Енді аялдамаларда QR коды бар арнайы жапсырмалар орналастырылады. Оларды сканерлеу арқылы бағдарлардың нақты келу уақытын көруге болады.

Қолданбаның басты бетінде QR белгісін басып, аялдамадағы QR кодты сканерлеу керек. Содан кейін қосымшада аялдамадан өтетін маршруттар және олардың болжамды келу уақыты көрсетіледі.

Бүгінде QR кодтары бар жапсырмалар 225 аялдамаға орналастырылды. QR коды бар сызбаларды орналастыру бойынша жұмыс әлі де жалғасады.

 

TuraNews

Back to top button