Әлем

Башқұртстанда халық ереуілге шықты

Башқұртстанда жергілікті белсенді Фаиль Алсыновқа үкім шыққан күні Башқұртстанның Баймақ соты ғимаратының жанына бірнеше мың адам жиналды. Ол араздықты қоздырғаны үшін төрт жылға сотталып, қамауға алынды. Алайда, Алсынов мінген автозак сот ғимараты аумағынан шыға алмады, наразылық білдірушілер жолды жауып, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен қақтығыс басталды, деп жазады ВВС

2020 жылы шихан Куштауды (ежелгі бірегей төбелердің бірі) қорғаған Алсынов өткен жылы алтын өндіруге қарсы митингіде сөйлеген сөзі үшін сотталды.

«Мені қолдауға келгендердің барлығына көп рахмет. Мен мұны ешқашан ұмытпаймын. Мен өз кінәмді мойындамаймын. Әрқашан әділдік, халық, республика үшін күрестім. Әлі көрісерміз. Мен мұны әрине, күтпедім. Прокурор төрт жылға колонияға қоныстандыруды сұрады, бірақ төрт жылға (жалпы режимдегі) колония берді. Біз шағым жасаймыз», — деді ол RusNews жариялаған жазбада.

Белсенді Фаиль Алсынов — ©Getty Images

Тыңдаулар кезінде сот ғимаратының алдына жүздеген адам жиналды. Сәрсенбі күні одан да көп адам келіп, кетуден бас тартты. Шерушілер «Ұят!» деп ұрандады.

Қалқандар мен таяқтар ұстаған тәртіп сақшылары жиналғандарды Алсынов мінген көлік өтуі тиіс қақпадан шығарып жіберді. Алайда қарауыл жасақ көлігі қақпадан шыға алмады.

БАҚ хабарлауынша, қауіпсіздік күштері жиналған адамдар тобына түтін мен көзден жас ағызатын газы бар бірнеше құты лақтырған. Бірнеше адам зардап шекті, сот ғимаратына жедел жәрдем келді.

Жергілікті билік наразылық шаралары және полициямен қақтығыстарға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Алсынов Куштау тауын сода өндіруден қорғаушылардың бірі болды.

2019-2020 жылдары аймақта Башқұрт сода компаниясы, жергілікті билік пен тұрғындар арасында Куштауға байланысты ауқымды қақтығыс орын алған. Таудың етегіне шатырлы лагерь орнатылды, кейін оны полиция қиратып, бірнеше ондаған белсенді ұсталды.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button