Қоғам

Баянауылдағы 17 елді мекенді су басу қаупі бар

Мамандар көктемде су басу қаупін азайту үшін 5 млрд теңгенің жобасын ұсынып отыр. Қаражат топырақ үйінділерін бекіту мен шлюздерді орнатуға жұмсалады, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Павлодар облысында көктемгі су тасқыны кезеңінде қауіпті аймақтың бірі – Баянауыл аймағы. Негізгі қауіп Ащысу, Айдос, Бала Шідерті, Қарасу өзендерінен төніп тұр. Елді мекендерді су бау қаупін азайту үшін былтыр аудандағы Жаңатілек, Сәтбаев, Ұзынбұлақ, Жаңажол ауылдық округтерінде жалпы көлемі 6,7 мың гектар көлтабандарды қалпына келтіру жұмыстары басталған.

«Бұл жобаны жүзеге асыру шамамен 5 млрд теңге қаражат қажет. Ол өзендер айналасына топырақ үйіндісін салу және шлюздер орнатуға бағытталады. Бұған қоса су жиналатын көлтабандар жазда шалғынға айналып, өңірдегі мал шаруашылығының дамуына оң әсер етеді», — делінген өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің хабарласында.

 

TuraNews

Back to top button