БастыСпорт

15 жасар қазақстандық шахматшы құлақ түрерлік матчта әлем вице-чемпионын таң қалдырды

15 жасар қазақстандық шахматшы Ернұр Амангелді (рейтингі — 2012) Өзбекстанның Самарқан қаласында өтіп жатқан рапидтен әлем чемпионатының екінші турында ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящиймен ойнады, деп хабарлайды TuraNews.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Е.Амангелді қара фигуралармен ойнады. Матч тең аяқталды.

Еске салайық, биылғы 7 сәуір – 1 мамыр аралығында ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь Астана қаласында классикалық шахматтан әлем чемпионы атағы үшін өткен сайыста бақ таластырған болатын. Матч 14 партиядан тұрды. Тай-брейкке ұласқан ойын нәтижесінде Д.Лижэнь жеңіске жетті.

Жылдам шахматтан Самарқан қаласындағы әлем чемпионаты 26 – 30 желтоқсан күндері өтуде. 26 – 28 желтоқсанда – рапидтен, 29 – 30 желтоқсанда блицтен сайыстар өтеді.

 

TuraNews

Back to top button