БастыСаясат

Ердоған: Шынымды айтсам, арамызда шешілмейтін мәселе жоқ

Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесуінен кейін ортақ баспасөз мәслихатын өткізді, деп жазады TuraNews.kz.

Ердоған Эгей теңізін бейбітшілік пен ынтымақтастық теңізіне айналдырғылары келетіндерін айтты.

Грекияның астанасы Афиныға бір күндік сапармен барған президент Ердоған Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесуінен кейін ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Екі ел арасындағы өзекті мәселелерді сындарлы диалог, тату көршілік және халықаралық құқық аясында бірлескен күш-жігер арқылы шешуге үміттенетіндерін білдірген Ердоған Мицотакиспен Эгей және Шығыс Жерорта теңізіндегі мәселелер туралы пікір алмасқандарын білдірді.

Кипр мәселесінің аралдағы фактілер негізінде әділ, тұрақты және түбегейлі шешімі бүкіл аймақтың пайдасына болатынын атап көрсеткен Ердоған «Біз Эгейді бейбітшілік пен ынтымақтастық теңізіне айналдырғымыз келеді. Түркия-Грекия ретінде ортақ қадамдарымызбен бүкіл әлемге үлгі болғымыз келеді. Шынымды айтсам, арамызда шешілмейтін мәселе жоқ» деді.

Терроризммен күрес саласындағы ынтымақтастыққа тоқталған Президент Лаврион лагерінің жабылуына байланысты Грекияда лаңкестерге баспана беретін осындай лагерьлердің құрылуына жол бермеу қажеттігін атап өтті.

 

 

Source
TRT

TuraNews

Back to top button