Технология

Қазақстанда жасанды интеллект саласында қандай жобалар жүзеге асырылды?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елімізде жасанды интеллект саласында іске асырылып жатқан жобалар жайында мәлімет ұсынды, деп жазады TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазақстанда денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау, смарт қалалар сияқты түрлі салаларда жасанды интеллектің алгоритмі мен технологиялары қолданылып жатқан бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, денсаулық сақтау саласында Cerebra (инсульт белгілерін диагностикалауға көмектеседі), Aident (ортодонт дәрігерлеріне көмек), Smart ECG (электрокардиограмманы қашықтан зерттеу), PneumoNet жүйесі (өкпенің он жеті патогенді ауруын анықтау) сияқты жобалар Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де танымал», –делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

«Ақылды қала» саласында TargetAI, Sergek Group және Beyne.ai сияқты жобалар жасанды интеллект технологияларын, ауқымды деректерді өңдеуді және қала сыртындағы мониторингті пайдалана отырып, бейне деректерді талдау мүмкіндігін береді.

Бұдан бөлек, қазір NEURON OIL бағдарлама аясында мұнай өндіруші компаниялар деректер негізінде өндіруді басқару бойынша дұрыс шешім қабылдай алады.

TuraNews

Back to top button