БастыҚоғам

Астанада түрік наны мен нан өнімдерін пісіру бойынша кəсіпқойларға арналған оқыту семинары өткізіледі

2023 жылдың 29 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Елордада Түркия Республикасының Астана қаласындағы Елшілігінің қолдауымен «түрік наны мен нан өнімдерін пісіру» тақрыбында семинар өткізіледі, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Түркиядан арнайы шақырылған аспаз Хакан Доган түрік наны мен нан өнімдерін пісіру бойынша  қазақстандық кəсіпқойларға арналған оқыту семинарын өткізеді.

Хакан Доган, 1974 жылы Битлис қаласында дүниеге келген. Отбасылық кəсіп болып табылатын нан пісіру саласында бірнеше кəсіпорындарды басқарып отыр. Ол көптеген оқу орындарында — балабақшаларда, кəсіптік лицейлерде жəне университеттерде нан туралы семинарлар беруді жалғастыра отырып, 2014 жылдан бері Италия, Латвия, Кипр, Ресей, Польша, Франция, Германия жəне Бельгия сияқты елдерде ашытқы туралы зерттеулер жүргізіп келе жатқан зерттеушілер тобына кіреді. Оның нан, шоколад жəне торт туралы мақалалары, сұхбаттары мен бағалаулары республикалық журналдарда жарияланады, сонымен қатар ол республикалық журналдарда кеңесші болып жұмыс істейді.

Айта кетейік, аталмыш тақырыптағы семинар 29 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында (уақыты 12.00-16.30) «Rixos President Astana» қонақ үйінде өткізіледі.

TuraNews

Back to top button