ӘлемҚоғам

Түркия түлектері Алматыда бас қосты

Түркияда білім алған жастар құрған Қазақстандағы Түркия Түлектері Ассоциациясы Алматыда бас қосты, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Атаулы іс-шараға Түркияның Қазақстандағы Елшісі Мустафа Капуджу, Түркияның Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мудеррисоглу, Қазақстан және Түркияның мемлекеттік қызметкерлері,кәсіпкерлер және 300 жуық Түркия түлектері қатысты.

«Түркия түлектері Ассоциациясы» қоғамдық бiрлестiгi‚ Қазақстандық түлектердің өз еркiмен‚ олардың кәсiпкерлiк және қоғамдық көзқарасы негiзiнде құрылған және қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және Заңы негiзiнде жүргiзедi. Ассоциация Қазақстан және Түркия Республикаларының мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарымен тығыз байланыста қызмет атқарып келеді. Ассоциация 9 тамыз 2022 жылы ҚР Әділет Министрлігінде Ресми тіркелді және жергілікті мәртебеге ие. Қауымдастықтың ресми ашылу салтанаты 2022 жылдың 23 қарашасында өтті.

 

TuraNews

Back to top button