Әлем

Ресей: Астраханьда төтенше жағдай режимі енгізілді

Астраханьда бес қабатты тұрғын үйдің екі кіреберісі опырылып құлағаннан кейін аймақта төтенше жағдай енгізілді, деп жазады TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Төтенше жағдай режимі облыстық деңгейге ауыстырылды. Біз өңірлік деңгейде төтенше жағдай аясында қиын жағдайға тап болған адамдарға материалдық қолдау көрсету бойынша барлық нормативтік құжаттарды қабылдадық», — деді облыс губернаторы Игорь Бабушкин.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің Астрахан қаласында көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып құлаған болатын.

TuraNews

Back to top button