Ташкент халықаралық әуежайының алдына алыстан көрінетін Өзбекстан туы орнатылды, деп жазады Turanews.kz gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.
Ташкент қаласы әкімшілігінің хабарлауынша, Тудың биіктігі 62 метр, ал матасының өлшемі 12х24 метр.
Айналасы 16 метрлік 38 жалаулармен қоршалған, олардың өлшемі 2х4 метр. Бұл жалаулар қалада өткізілетін ұлттық немесе халықаралық іс-шараларға, шетелдік делегациялардың келуіне байланысты өзгеріп тұрады.
Сонымен қатар, эстакададан әуежайға шығатын жердегі айналма жолдың алдында субұрқақ, оң жағында үлкен проекциялық экран орнатылған.