Әлем

Құран Кәрімді өртеген адамға жаза берілді

2020 жылы Швецияның Линкепинг қаласында Құран Кәрімге шабуыл жасаған әсіре оңшыл адам өшпенділік қылмысы үшін сотталды, деп жазады TuraNews.kz TRT-ге сілітім жасап.

Линкепинг соты жасаған мәлімдемеде 27 жастағы азаматтың Құран Кәрімді өртеп жатқанын бейнеге түсіріп, оған исламофобиялық музыка қосып, әлеуметтік желіде бөліскеннен кейін өшпенділік қылмысын жасағаны анықталғаны және қылмысты адамға 800 крон айыппұл салынғаны білдірілді.

2020 жылдың 11 қыркүйегінде Линкепинг қаласында 27 жастағы әсіре оңшыл адам Құран Кәрімнің үстіне домұз шұжығын қойып, өртеп жібергеннен кейін Линкепинг мешітінің алдына тастаған.

TuraNews

Back to top button