Қоғам

Қазақстан мен Қырғызсатн шекарасында жүк көліктері кептеліп тұр

5 қазан күні Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Ақ тілек-автожол» және «Кен Булун-автожол» бақылау-өткізу пунктері алдында жүк көліктері кептеліп тұрғаны тіркелді, деп жазады TuraNews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме беріп.

ҚР ҰҚМК шекара қызметі мәліметінше, 14:00-дегі жағдай бойынша, Қырғыз Республикасынан шығатын мемлекеттік шекарада 569 автокөлік тұр.

Оның 395-і «Ақ Тілек – автожол», 121-і «Кен Булун – автожол» және 53-і «Чалдыбар – автожол» өткізу пунктілерінде тұр.

Мекеме жүк көліктерінің қырғыз-қазақ шекарасында жиналып қалуы күз маусымына тән Қырғызстаннан басқа елдерге ауылшаруашылық өнімдері экспортымен байланысты деп атап өтті.

Көлік кезегінің созылуы циклдік сипатқа ие. Себебі Қырғызстан және Қазақстан тарапынан ешқандай шектеу енгізілген жоқ.

Өткізу пунктері күнделікті тәртіппен жұмыс істеп тұр.

TuraNews

Back to top button