Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 5 қазан күні Гранадада Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен өтетін кездесуге барудан бас тартты. Бұл туралы Anadolu агенттігіне сілтеме жасап TuraNews.kz хабарлайды.
Агенттік хабарлауынша, Париж мен Берлиннің Түркияның кездесуге қатысуы туралы келіспеушілігі бас тартуға себеп болған.
Әзербайжан басшысы кездесуге Түркияның да қатысуын талап етті, алайда Франция мен Германия басшылары Алиевтің бұл ұсынысына қарсылық білдірді. — денідген хабарламада.
Осылайша Әзербайжан тарапы Армения мен келіссөздерден бас тартты.