БастыМәдениет

Қазақстанда Шуша күндері өтіп жатыр

 Халықаралық түрік мәдениеті мен мұрасы қорының ұйымдастыруымен Қазақстанның бас қаласы Астанада Шуша күндері ашылды, деп TuraNews.kz жазады.

«Қазақстан» концерт залында өткен шарада Шушаның тарихы мен мәдениетін сипаттайтын көрме ашылды.

Түрік мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Гүнай Эфендиева Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінің ресми өкілдері мен елшілеріне естелік ұсынды.   «Шуша қазір түрік әлемінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл Әзербайжанның да, Түрік әлемінің де мақтанышы» деді ол.

Мәдени бағдарлама аясында ақын Хуршидбану Натеванның өмірінен сыр шертетін деректі фильм көрсетілді.

Сонымен қатар сәнгер Гүлнара Халилованың «Қарабахтың ұлттық киімдері» сән үлгісі көпшілік назарына ұсынылды. Дизайнер Гүлнара Халилова   «Мен көбіне топтама дайындағанда ұлттық рухани құндылықтарымыз бен ерекшеліктерімізді көрсететін шынайы, жергілікті, тарихи киімдер ұнайды. Әлемде бұған қызығушылық көп» деді.

Іс-шара Әзербайжанға тән «мугам» концертімен аяқталды.

Шуша күндері Қазақстанда Түркістан қаласында жалғасын табады.

Source
TRT

TuraNews

Back to top button