Әлем

Болгария Ресейлік көліктердің елге кіруіне тыйым салды

Болгария Кеден агенттігінің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде, 10-ға дейін жолаушы тасымалдайтын ресейлік нөмірлі көліктерге елге кіруге де, транзитпен өтуге де тыйым салынғаны хабарланды, деп жазады TuraNews.kz TRT-ге сілтеме жасап.

Еурокомиссияның ұсынысымен енгізілген және Ресейдің Украинаға қарсы жүргізген соғысына байланысты Ресейге қолданылған бұл жаңа тыйымды қадағалауға Кеден агенттігі, Ішкі істер министрлігі және Шекара полициясы жауапты болады.

Ресейдің дипломатиялық өкілдіктеріне тиесілі көліктерге бұл тыйым жүрмейді. Осы елдегі Ресей нөмірі бар басқа көліктердің барлығына Болгариядан шығуға 6 ай уақыт берілгені жарияланды.

Шекара полициясының бас инспекторы Антон Златанов ресейлік нөмірі бар көліктерден басқа Ресей азаматтарына тиесілі кейбір жеке мүліктерге де тыйым салынатынын, олардың тізімі кейінірек жарияланатынын мәлімдеді.

Осылайша  Еуропада Ресей нөмірі бар көліктерге тыйым салған елдер саны 8-ге жетті.

Бұған дейін бұл тыйым Еуропалық Одаққа (ЕО) кірмейтін, бірақ Шенген аймағына кіретін Эстония, Латвия, Литва, Финляндия, Польша, Германия және Норвегияда да салынған болатын.

TuraNews

Back to top button