Басты

Бүгін 3 қазан — Түркі әлемінің ынтымақтастық күні

Бүгін 3 қазан — Түркі әлемінің ынтымақтастық күні!

2009 жылдың 3 қазанында Әзербайжан Республикасының Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының IX саммитінде тарихи шешім қабылданып, бауырлас түркі халықтарының бірлігін нығайтуды көздеген интеграциялық құрылымның негізі қаланды.

Осылайша Нахчыванда өткен Саммитте Түркі кеңесі, Түркі академиясы, Түркі мәдениет және мирас қоры, Ақсақалдар кеңесін құру туралы шешім қабылданды. Содан бері бауырластық байланыстар бекем болып, аталған құрылымдардың қанаттары бекіп, ТҮРКСОЙ, ТүркПА ұйымдары да нығая түсті.

Түркі әлемінің ынтымақтастығы арта берсін! Бауырластық бекем, бірлігіміз берік болсын!

TuraNews

Back to top button