ӘлемБастыСпорт

32 жылдық арман: Қазақстан алғаш рет еркін күрестен алтын алды!

Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрестен қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан жеңімпаз атанды, деп BasSport.kz порталына сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

Жас балуан алдымен мажар Балаж Юхасты 13:3 есебімен жеңсе, одан кейін түркиялық Фейзулла Актюркті 11:0 есебімен тізе бүктірді. Ал жартылай финалда грузиялық Мириани Майсурадзеден басым түсті.

Ал финалда әзербайжандық Осман Нурмагомедовпен кездесті. Басында қарсыласы 2:0 есебімен алда тұрған. Сосын белдесу соңына қарай отандасымыз таразы басын теңестірді. Әзербайжан бапкер ортаға орамал тастап, челендж берген. Бірақ төрешілер олардың шағымын есепке алмады. Сөйтіп, Ризабек 3 ұпай берді. Қорытынды есеп — 5:2.

Бұл тәуелсіз Қазақстан елінің еркін күрестен алғашқы алтыны.
Ал грек-рим күресінен соңғы рет 1999 жылы бұйырған. Одан бері де 24 жыл өтіпті. Еркін күрестен бірнеше рет күміс медаль болды. Бірақ чемпион шыққан емес.

TuraNews

Back to top button