Басты
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Ел қоржынына алғашқы жүлде түсті
IV. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел қоржынына бірінші күміс медаль түсті, деп bassport.kz сайтына сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.
Дәстүрлі садақ атудан аталған жарысқа әлемнің 32 елінен 135 спортшы бақ сынады. Ерлер арасында үздік 16 мергеннің ішінде Қасымхан Қанат, Али Сессигузель, Азамат Нұртаев өткен болатын.
Үздік 16 мергеннің арасынан финалға суырылып шыққан Қасымхан Қанат финалда түріктің Оғыз Оқшы мергенімен күш сынасты. Ол Оғыз Оқшыдан 2 ұпай айырмашылығымен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. Бұл жүлде дәстүрлі садақ атудың аренадағы алғашқы биік жетістігі.