ӘлемБасты

Грекия, Түркия және Болгариядағы су тасқынынан 14 адам қаза тапты

Грекия, Түркия және Болгарияны зардап шеккен су тасқыны мен толассыз жауын салдарынан 14 адам қаза тапты, деп жазады Turanews.kz Koha агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның Болгариямен шекарасына жақын маңда төрт адам жансыз күйінде табылды, құтқарушылар із-түзсіз жоғалып кеткен тағы екі адамды іздестіріп жатыр.

Сәрсенбі күні құтқарушылар көршілес аймақтарда төрт адамның мәйітін тапты.

Түркияның ірі қаласы Ыстамбұлдың екі кваталында көшелер мен үйлерді нөсер жаңбыр суы басып қалды, салдарынан 2 адам қаза тапты.

Грекияның Волос қаласында су тасқыны салдарынан екі адам қаза тапты, үш адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Грекияды өрт сөндіру бөлімі, бір үйдің қабырғасының опырылуы салдарынан бір адамның қаза тапқанын хабарлады.

Болгарияда су тасқынынан қаза тапқандар саны үшке жетті, іздестіру жұмыстары барысында құтқарушылар бір туристің денесін тапты.

Түркия-Болгария шекарасында полиция, жоғалған екі адамды табу үшін дрондармен іздестіріп жатыр.

TuraNews

Back to top button