Әлем

Өзбекстан Ауғанстан мен Пәкістан арқылы Үнді мұхитындағы порттарға шығуды жоспарлауда

2023 жылдың 26-27 тамызында Өзбекстанның көлік министрі Ильхом Махкамов пен Өзбекстан Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Эргашев бастаған делегация Ауғанстанға сапармен барды, деп жазады Turanews.kz Uza.uz агенттігіне сілтеме жасап.

Көлік министрлігінің мәліметінше, сапар барысында Ауғанстанның көлік және азаматтық авиация министрі қызметін атқаратын молда Хамидулла Охунзодамен бірге «Өзбекстан-Ауғанстан-Пәкістан» автожолы бойынша экспедиция жүргізілді.

«Экспедиция барысында «Өзбекстан-Ауғанстан-Пәкістан» тас жолындағы Кабул қаласын Ауғанстанның солтүстігімен (Мазари-Шариф) байланыстыратын Саланг асуындағы жағдай және Ауғанстан-Пәкістан шекарасындағы «Торхам» шекаралық өткізу пунктіне барып жағдай қарастырылды.

Екіжақты келіссөздерде Ауғанстан мен Пәкістан арқылы Үнді мұхитының порттарына шығу үшін халықаралық көлік дәлізін қалыптастыру, екі елдің көлік логистикалық кәсіпорындарының ынтымақтастығын нығайту, халықаралық автотасымалдаушылар үшін қолайлы жағдай жасау, шектеулерді алып тастау мәселелері қаралды. Ауғанстан аумағы арқылы транзит және басқа бағыттарға жүк тасымалдау мәселелері талқыланды», делінген хабарламада.

Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы және транзиттік жүк тасымалдауды дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді жұмылдыруға келіскен.

TuraNews

Back to top button