СаясатЭкономика

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүк көліктері кептеліп тұр

23 тамызда Қырғыз Республикасының Қазақстанға кіретін аумағында жүк көліктері шақырымдап кезекте тұр, деп жазады Turanews.kz.

Қырғыз Республикасы МҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 13:00-дегі жағдай бойынша «Ак-Тілек-автодорожный» бақылау-өткізу бекетінің алдында 493 жүк көлігі мен «Кен-Булун-автодорожный» бақылау-өткізу бекетінде 146 көлік тұр. Өткен тәулікте Қырғызстаннан Қазақстанға 112 көлік құралы шықты. Қырғыз тарапынан өткізу пункттері күнделікті режимде жұмыс істейтіні атап өтілді.

Қырғызстанның Шу облысында «Ақ-тілек-автожол» БӨБ алдында шатырлы көмек пункттері ашылды. Онда жүргізушілер мен жүк тасымалдаушыларға медициналық, психологиялық, консультациялық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ ыстық тамақ беру жұмысы ұйымдастырылады. Бұған дейін Қырғыз Республикасымен шекара учаскесінде 370-тен астам жүк көлігі тұрғаны хабарланған болатын. Оның себебін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Via
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button