Елорда тұрғындары үй жануарларын тегін чип орната алады
Елорда тұрғындары 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін иттері мен мысықтарын тегін чиптеп, жануарларды есепке алуға арналған Tanba ақпараттық жүйесінде тіркей алады, деп хабарлайды Turanews.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Елордалықтар үй жануарларын жаздың соңына дейін «Астана ветсервисте» тегін чиптей алады. Мекенжайы: Сарыарқа ауданы, С.Мұқанов көшесі, 2/1 (мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы), тел.+7 (747) 623 53 57, +7 (747) 672-85-27.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 9:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзілік: 13:00-14:00), сенбі 9:00-ден 13:00-ге дейін.
Тіркеуден өту үшін жануармен бірге келу, сондай-ақ өзімен бірге Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон болуы қажет.
Астана тұрғындары үй жануарларын ветеринария клиникаларында ақылы негізде де тіркей алады.
Айта кетейік, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына сәйкес, биыл 1 қыркүйектен бастап мысықтар мен иттерге чип тағу және оларды арнайы есепке қою міндетті болады.