Гюмри 2024 жылы ТМД елдерінің спорт астанасы болып танылды. Мұнда ТМД елдерінің Дене шынықтыру және және спорт кеңесі конференциясы өтеді, деп ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.
Мұндай шешім Минскіде өткен ТМД елдерінің Дене шынықтыру және және спорт кеңесінің кезекті отырысында қабылданды. Бұдан бөлек, Армения Республикасының уәкілетті өкілі, Армения Республикасы министрінің орынбасары Карен Гиллан Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің Дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесінің төрағасы болып сайланды.
«ТМД елдерінің ынтымақтастығы аясында спортқа үлкен мән беріледі. Бірте-бірте қарым-қатынас әлдеқайда жақын бола түсуде және іс-шаралар танымалдығы артып келеді. Спорт астанасын таңдау мәселесі де маңызды. 2024 жылы Гюмри спорт астанасы болады», — деді Армения Республикасы Білім, ғылым, мәдениет және спорт (БҒМС) министрінің орынбасары Карен Гилоян Арменпресс-ке берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Гюмриде де конференциялар өтеді.
«Спорт астанасын таңдаудың бірнеше нұсқасы болды, бірақ біз Гюмриді ұсындық, гюмрилық спортшылардың қандай жетістіктерге жеткенін ұсындық. Себебі, қазір Гюмриде үкіметтің қолдауымен Артур Алексанян атындағы ірі спорт кешені салынып жатқандықтан, біз олардың Армения үкіметінің спортқа үлкен көңіл бөлетінін өз көздерімен көргенін қаладық», — деді ол.
АР БҒМС министрінің орынбасары Карен Гилоян 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап ТМД елдерінің дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесін басқарады.