Мәдениет

Бурсада «Орханнан Орхан Ғазиге дейін» IV халықаралық археологиялық-мәдени экспедициясы өтеді

Халықаралық Түркі академиясы «Түркі әлемінің киелі жерлері» жобасы аясында халықаралық археологиялық-мәдени экспедиция ұйымдастыру дәстүрге айналған, деп академия сайтына сілтеме жасап Turanwes.kz хабарлайды.

Аталған іс-шараның мақсаты – Түркі әлемінің тарихы мен мәдениеті үшін маңызы зор киелі жерлерді зерттеу және насихаттауға, сондай-ақ Түркі әлемінің ғылым және білім саласындағы өзекті мәселелеріне арналған ғылыми іс-шаралар өткізу арқылы түркология зерттеулеріне үлес қосу болып табылады.
Тағылымды шара 2015 жылы Ресей Федерациясының Таулы Алтай Республикасында «Алтын бесік Алтай» тақырыбы бойынша өткен болатын. Бұдан кейін 2016 жылы Моңғолияда «Тәңір тауларынан Өтүкенге дейін», 2017 жылы Қазақстанда «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңаруы» атты  экспедициялар жалғасын тапты.

«Орхоннан Орхан Газиге дейін» атты төртінші  экспедияция биыл Түркі әлемінің мәдени астанасы атанған Бурса қаласында өтеді. Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Мажарстан, Моңғолиядан және Татарстан мен Башқұртстаннан (РФ) өкілдер қатысады.
Ұлы Дала мен Бурсаны жалғайтын бұл экспедиция Түркі әлемінде ізгі бастамаларға жол ашады  деп сенеміз!

Source
Twesco.org

TuraNews

Back to top button