Экономика

Энергетика министрі: Электр энергиясы нарығында көлеңкелі майнерлер қалған жоқ

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Астана халықаралық форумының кулуарында көлеңкелі майнерлердің жұмысы қалай реттеліп жатқанын түсіндірді, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Мемлекеттік энергетикалық қадағалау органдары электр желілерінің ұлттық операторының күшімен, заңсыз майнерлерді анықтау жөніндегі күш құрылымдарын тарта отырып айтарлықтай жұмыс жүргізді.

Маған белгілі мәлімет бойынша, заңсыз майнерлердің көбі желіден ажыратылды. Тиісті қауысмдастықтарда тиісті процедураларды сақтап тіркелген және толыққанды есеп беріп отыратын, ашық жұмыс істейтін майнерлер ғана қалды. Олардың қызметі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі реттейді. Олар өз қызметін түнде, электр энергиясын тұтыну көрсеткіші төмендеген кезде жүргізеді», — деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол көлеңкелі майнерлердің электр тұтынудағы үлесін атады.

«Қазір көлеңкелі майнерлер қалған жоқ. Олардың тұтынуы ең көп дегенде 400 мегаватт болған, қазір бұл көлем әлдеқайда аз», — деді Алмасадам Сәтқалиев.

TuraNews

Back to top button