Әлем

Англияда «Еуровидениенің» алғашқы жартылай финалы өтті

Еуровидение» музыкалық конкурсының алғашқы жартылай финалы сейсенбі күні кешке Ливерпульдегі M&S Bank Arena концерт залында өтті. Әртістердің өнерін Би-би-си тікелей эфирден көрсетті, деп ТАСС-қа сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

Сейсенбіде финалға 10 жолдаманың бірін алу құқығы үшін 15 елдің музыканттары бақ сынады. Нәтижесінде Израиль, Молдова, Норвегия, Португалия, Сербия, Финляндия, Хорватия, Чехия, Швейцария және Швеция өкілдері шешуші кезеңге өтті. Осылайша, финалдың 1/2 кезеңінде Әзербайжан, Ирландия, Латвия, Мальта және Нидерланды шығып қалды.

Би-Би-си мәліметінше, байқаудың басты фавориттерінің бірі — швед әншісі Лорин, ол 2012 жылы Euphoria әнімен «Евровидениеде» жеңіске жеткен. Бұл жолы ол Tattoo композициясымен өнер көрсетеді. Сондай-ақ, Ливерпулге Cha Cha Cha әнімен келген фин рэпері Kaarija (шын аты — Йэре Пеухенен) жеңіске жету мүмкіндігі зор.

«Еуровидениенің» екінші жартылай финалы 11 мамырда өтеді: оған 16 музыкант қатысады, оның 10-ы шешуші раундқа өтеді.

13 мамырдағы финалға барлығы 26 ел қатысады: жартылай финалдан өткен 20 музыкант, сонымен қатар конкурстың иесі ретінде Ұлыбритания, алдыңғы жарыстың жеңімпазы ретінде Украина және «Үлкен төрттік» өкілдері — Германия, Испания, Италия және Франция.

Жарысқа Ұлыбритания атынан поп-орындаушы Мэй Мюллер қатысады: Лондоннан келген 25 жастағы әнші I Wrote a Song әнін орындайды.

TuraNews

Back to top button