Түркі академиясы ТҮРКСОЙ мүше елдердің ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияларының 9-шы отырысына қатысты
2023 жылғы 7-9 сәуірде Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Әзербайжанда өткен ТҮРКСОЙ мүше елдердің ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияларының 9-шы отырысына қатысты.
Іс-шараны Әзербайжан Республикасы Президентінің жанындағы ЮНЕСКО істері жөніндегі Әзербайжан Республикасының Ұлттық комиссиясы, Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ), ADA Университеті ұйымдастырды.
7 сәуірде өткен шараның ашылу салтанатына Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі, Әзербайжан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Джейхун Байрамов, Әзербайжан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Мухтар Бабаев, Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрінің міндетін атқарушы Адил Керимли, ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Биләл Чакыджи және Түркияның ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Оджал Огуз, ЮНЕСКО-ның сыртқы және африкалық байланыстар Департаменті басшысының орынбасары Фирмен Эдуард Матоко қатысып, сөз сөйледі.
АДА университетінде өткен іс-шарада түркі әлемінің материалдық және материалдық емес мәдени мұрасының өзекті мәселелері талқыланды.
Отырыс барысында ТҮРКСОЙ мүше елдердің ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияларына төрағалық ету Түркия Республикасының ұлттық комиссиясынан Әзербайжан Республикасының ұлттық комиссиясына өтті.
Сондай-ақ, отырысқа Әзербайжан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының бірінші төрағасы Гасан Гасанов, Әзербайжан Республикасының Милли Меджлисінің Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, Батыс Әзербайжан қауымдастығы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы академик Ахлиман Амирасланов, «Ичеришехер» мемлекеттік тарихи-сәулет қорығының басқарма төрағасы Шахин Сейидзаде, сондай-ақ ғалымдар мен ғылыми сарапшылар қатысты.
Академия басшысы өз сөзінде Түркі елдерінің ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялары түркі ынтымақтастығы ұйымдарымен бірге түркі өркениетінің ортақ мұрасын сақтауда өз күштерін біріктіруі тиіс екенін атап өтіп, ол үшін түркі елдерінің мәдени және табиғи объектілерін зерттеу және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Осы орайда ол Түркі Академиясы ескерткіштерді академиялық зерттеу процесіне өз үлесін қосуға дайын екенін мәлімдеді.
«Биыл біз «Түркі әлемінің киелі орындары» атты жаңа жобаны іске қостық, ол бұрын түркі елдері мемлекеттері басшыларының саммиттерінің декларацияларында айтылған болатын. Менің ойымша, бұл жоба Бүкіләлемдік түркі мұрасы тізіміне негіз бола алады», — деді Ш.Мустафаев.
Материалдық және материалдық емес мәдени, табиғи мұраны қорғау мен білім беру мәселелеріне арналған семинарлардан және сарапшылардың пікірлерін тыңдаудан кейін ТҮРКСОЙ мүше елдердің ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияларының 9-шы отырысының қорытынды мәлімдемесі дайындалды.
9 сәуірде іс-шараға қатысушылар 2023 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы Шуша қаласына барып, отырыстың жабылу салтанатына қатысты.
Жабылу салтанатында ТҮРКСОЙ мүше елдердің ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияларының 9-шы отырысының қорытынды мәлімдемесі қабылданды.
Іс-шара аяқталғаннан кейін Шушаға келген қатысушыларға мәдени бағдарлама ұйымдастырылды.

Ашылу салтанатынан кейін панельдік форматта пікірталастар мен семинарларға жалғасты.