ӘлемТехнология

Канадада ChatGPT жасаушы компанияға қатысты тергеу басталды

Канада ChatGPT чат-ботын жасаған OpenAI компаниясына қатысты тергеудің басталғанын мәлімдеді, деп Turanews.kz жазады ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Канаданың жеке өмірді қорғау комиссарының басқармасы жасанды интеллектіге негізделген атышулы чат-ботты жасаушыларға қатысты тергеуді бастады. Оған себеп – жасанды интеллект қолданушылардың келісімінсіз олардың жеке ақпараттарын жинайды, пайдаланады және ашады деген арыз.

ChatGPT былтыр эссе, ән, емтихан, тіпті мақала жаза алу қабілетінің арқасында әлемдік сенсацияға айналды.

Бірақ техникалық феноменнің сыншыларын ChatGPT мен бәсекелес-бағдарламалар мәліметтерді қалай алады және өңдейді деген сауал алаңдатты.

«Біз заман ағымымен қатар жүруіміз керек, тіпті тез дамып жатқан технологияның алдында болуымыз керек», — деп мәлімдеді басқарма басшысы Филипп Дюфресн.

Чат-ботты өзінің сервистерінің қатарына қосқан Microsoft компаниясы оны қаржыландырады, ChatGPT чат-боты Google іздеу жүйелерінің әлеуетті бәсекелесі саналады.

Канададағы тергеу жасанды интеллектіге негізделген чат-боттың жұмысын мұқият бақылауға шақырған ескертулерден кейін басталды.

Өткен аптада OpenAI компанияларының негізін қалаушылардың бірі болған, бірақ 2018 жылы-ақ директорлар кеңесінен шыққан Илон Маск пен жүздеген әлемдік сарапшы GPT-4-тен күштірек жасанды интеллект жүйелерін оқытуды жарты жылға тоқтата тұруды ұсынды. Алдымен оларды қалай бақылауды түсініп алуымыз керек дейді олар. Сарапшылардың пікірінше, олар қоғам үшін қауіпті.

Өткен аптада Италия деректерді пайдаланады деген қауіппен ChatGPT чат-ботын бұғаттаған алғашқы батыс елі болды.

TuraNews

Back to top button