Әлем

Түрікменстанның жаңа «Аркадаг» қаласына мемлекеттік мәртебе берілді

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Ахал уәләяты Аркадаг қаласы әкімдігі атауын Аркадаг қаласы әкімдігі деп өзгертетін қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Turanews.kz «Түрікменстан бүгін» агенттігіне сілтеме жасап.

«Аркадаг қаласы туралы» Түрікменстан заңына сәйкес Аркадаг қаласына ерекше құқықтық дәреже – мемлекеттік маңызы бар қала дәрежесі берілгендіктен, Түрікменстан Президенті Ахал уәләяты Аркадаг қаласы әкімдігінің атауын Аркадаг қаласы әкімдігі деп ауыстырған қаулыға қол қойды.

Құжат арқылы Аркадаг қаласы әкімдігіне Әділет министрлігімен бірігіп, бір ай ішінде осы қаулыға сәйкес Түрікменстан заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысты дайындап, Министрлер кабинетіне ұсыну міндеттелді.

TuraNews

Back to top button