Экономика

Қазақстанда сары май өндірісі төмендеп, импорт үлесі айтарлықтай артты

Елімізде шетелден әкелінетін сары май көлемі 50% артқан.

Қазақстанда сары май өндіру көлемі 2022 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,3% төмендеді. Осылайша, осы уақыт ішінде қазақстандық кәсіпорындар 24,8 мың тонна өнім шығарды, ал 2021 жылы 27,1 мың тонна сары май өндірілген еді, деп Turanews.kz хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлттық статбюро мәліметінше, экспорт та 16,7%-ға төмендеген.

Өткен жылдың 12 айында шетелге 3,8 мың тонна май жіберілді, ал 2021 жылы 4,5 мың тонна экспортқа шығарылды.

Өз кезегінде импорт 49,2%-ға өскен, 2022 жылы 7,8 мың тоннадан астам өнім импортталды. Сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы 23,9% құрады.

2022 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша ішкі нарықта 28,8 мың тонна сары май сатылды.

TuraNews

Back to top button