Экономика

Қырғызстанда пияз экспортына қойылған мораторий алынып тасталуы мүмкін

Қырғызстанда елден пияз әкетуге салынған тыйымды алып тастау ұсынылып жатыр. Бұл жоба қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, бүгінгі таңда Қырғызстан шаруаларында 50 мың тонна пияз қоры бар, ал халық қажеттілігі айына 6 мың тонна.

Мораторийді алып тастау үшін, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес, елде осы азық-түліктің тоқсан күндік қоры болуы тиіс.

Сонымен қатар, осы жылдың сәуір айынан бастап пияздың жаңа өнімін жинау басталады.

Оның қоры ұлғайса өнім тез бұзылады, бұл жергілікті шаруаларға шығын әкеледі.

Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі пиязды Қырғыз Республикасынан тыс жерлерге әкету бойынша шектеулерді алып тастауды ұсынып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, тыйым 2023 жылдың 31 қаңтарынан бастап үш ай мерзімге енгізілген болатын.

TuraNews

Back to top button