Әлем

Бішкек-Ош тасжолында қар көшкіні жүріп, көлік қозғалысы шектелді

Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 9:30-да Жалал-Абад облысы Тоқтоғұл ауданында Бішкек-Ош тас жолының 223-шақырымында қар көшкіні жүрді. Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды «Кабар» агенттігі.

ТЖМ хабарлауынша, қар массасының көлемі анықталып жатыр.

«Қазір бір күн бұрын қар көшкіні басып қалған Бішкек-Ош тас жолының 231-шақырымындағы учаске тазартылды. Жол жұмысшылары мен арнайы техника 223-шақырымға аттанды», — делінген хабарламада.

Қар көшкіні салдарынан Шу облысындағы «Сосновка» және Жалал-Абад облысындағы «Арал» бекеттері жабылды. Барлық көлік түрлері үшін қозғалыс уақытша шектелді.

Source
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button