Қоғам

№19 мектеп-қосымша білім беру орталығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша оқыту өтті

2025 жылғы 11 қыркүйекте «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№19 мектеп-қосымша білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу» (бұдан әрі — СЖТІТ) тақырыбы бойынша оқыту іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Оқыту мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика жүйесін дамытуға бағытталған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының (бұдан әрі — ҮББ-4) жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Іс-шараның спикері болып Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы, ҮББ-4 жобалық тобының жетекшісі Карпова Елена Владимировна сөз сөйледі, ол СЖТІТ жүргізуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сәйкестендіруге және оларды жою механизіміне байланысты негізгі мәселелерге тоқталды. Оқытуға Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының басшылары, директорлардың орынбасарлары және өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында негізгі тақырыптық блоктар қарастырылды, олардың ішінде:

— ҮББ — 4 жобасының құрылымы мен мақсаттары;
— сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу алгоритмі;
— білім беру мекемелерінің қызметіндегі үлгілік тәуекелдердің мысалдары;
— талдау нәтижелерін құжаттау тәсілдері;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастырудағы мекемелер басшылығының рөлі;
— ағымдағы жылдың IV тоқсанында СЖТІТ өткізуге дайындық;
— кері байланыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімділік мониторингі құралдары.

2025 жылдың қазан айында өңірдің білім беруді басқару жүйесінің мекемелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетініне ерекше назар аударылды және оқыту осы жұмысқа дайындық кезеңі болды. Қатысушылар талқыланатын мәселелерге жоғары қызығушылық танытты, тәжірибеге бағытталған сұрақтарды белсенді түрде қойды және білім беру ортасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайту тәжірибесімен бөлісті.

Мұндай оқытуларды өткізу білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға және сала қызметкерлерінің құқықтық сана деңгейін арттыруға ықпал етеді.

TuraNews

Back to top button