Әлем

Зымыран жасайтын зауыттағы жарылыс: Анкарада 5 адам көз жұмды

Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі MKE қорғаныс компаниясындағы жарылыстан қызметкерлер қаза тапқанын растады, деп Анадолы агенттігіне сілтеме жасап Turanews.kz жазады .

Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, Анкара провинциясының Эльмадағы ауданында орналасқан зымыран техникасы мен жарылғыш зат шығаратын MKE («машина және химия өнеркәсібі») зауытында жарылыс болған.

Ведомство 10 маусым күні таңертең болған қайғылы оқиғаны әкімшілік тергеу басталғанын атап өтті.

Оқыс жағдайдан бес қызметкер көз жұмды.

Жағдайды құқық қорғау органдары зерделеп жатыр.

Зауыт қызметкерлерінің жақындары кәсіпорынның алдына жиналып, қандай да бір хабар күтіп тұр.

Зардап шеккен біраз жұмысшы жедел жәрдем көлігімен төңіректегі ауруханаларға жеткізілген. Кейбірінің жағдайы ауыр екені хабарланды.

TuraNews

Back to top button