Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі Алматы облысында түркиялық бүлдіршінді тепкен келеңсіз жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Turanews.kz.
«Алматыда кішкентай балаға қатысты болған күш көрсету оқиғасын өкінішпен естідік. Зорлық-зомбылықтың ешбір түрін, қалай және кім жасағанына қарамастан қабылдамайтынымызды жеткізе отырып, кішкентай балақай мен оның отбасына тез сауығып кетуін тілейміз», — деп жазды Түркия елшілігі әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Алматы облысының Қарасай ауданындағы сауда орталығында 4 жасар қыз баланы ер адам теуіп ұшырған. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары 1998 жылғы Түркия Республикасының азаматын анықтап, полицияға жеткізді. Күдікті жауап алу барысында оқиғаны баяндап, өз кінәсін толық мойындады.